16 Қырқ 2020
Материал Жангельдин

Басшылық

   

Султанова Алтын Амангелдыевна

 Атырау облысы Атырау қаласы

«Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» КММ

  директоры   /Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс./

Султанова Алтын Амангелдыевна 1975 жылы 15 шілдеде  Атырау облысы Атырау  қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Атырау қаласы Балықшы ауданындағы М.Отаралиев атындағы орта мектептің 1 сыныбына оқуға  барып,1990 жылы осы мектепті үздік бағамен бітірген.Отбасылы.Екі баланың анасы.

1990 жылы Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық училищеге түсіп,1994 жылы қызыл дипломмен бітіріп шықты. Алғаш еңбек жолын  1994 жылы Ә.Жангелдин атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданып бастап,дәл бүгінгі таңға дейін сол аталмыш мектепте еңбек етіп келеді.Еңбек өтілі 27 жыл.Бірнеше жыл қатарынан үздік шәкірттер шығарып,шәкірттері қалалық,облыстық олимпиадалардан жүлделі орындарға иеленіп келді.Бірнеше сайыстардың жүлделі орын жеңімпазы, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз.Облыстық шығармашыл ұстаздар құрамының мүшесі.

2002-2007 жылдар аралығында Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік Университетіне түсіп, «физика-математика» факультетінің физика-информатика пәнінің мұғалімі мамандығы  бірітір шықты.

2016-2021 жылдар арасында  «Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық міндетін атқарды.

Алтын Амангелдыевна мектептің дамуы үшін басқару үрдісінде өзінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отыратын,педагог-зерттеуші,бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан өткен:

Біліктілікті арттыру курстары:                        

- 2013ж.26.11. Алматы қаласы. ҚР.педагог кадрларының біліктілігін арттырудың үш айлық ІІ (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсын аяқтады

- 2016ж.13.09-2017ж.12.05.Орал қаласы.Жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы  бойынша тоғыз айлық  640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтады;

- 2018ж. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілері біліктілігін арттыру 80 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтады;

- 2018ж. «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» 72сағат

- 2019ж.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курс-120 сағат;

- 2020ж .Алматы. «Қазіргі мектепті басқару» біліктілікті арттыру курсы

- 2021ж. «Білім берудегі менеджмент:мектеп қызметін басқару» біліктілікті арттыру курсы,344 академиялық сағат

- 2021ж.«Мектеп командасы;білім сапасы үшін тиімді басқару» біліктілікті арттыру курсы,160 академиялық сағат

 

Еңбектегі жетістіктері:

- 2011ж. «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі-2011»-І дәрежелі диплом;

- 2012ж.ҚББ «Интерактивті тақтаның озық пайдаланушысы» сайысы-«Бас жүлде»;«

- 2013ж .Облыстық Онлайн сабақ; «Үздік онлайн» мақтау қағазы;- І дәрежелі диплом;2013ж. 11.06. Облыстық."Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағдайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту" тақырыбындағы аймақтық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысып,өз іс-тәжірибесімен "Он-лайн" режимінде Ақтөбе,Самара облыстарымен пікір алмасу жұмыстарына қатысып, онлайн сабақ беріп, "Үздік онлайн сабақ"марапатталды.

- 2014ж.қ алалық XV пед.оқу- І орын;2014 ж.Облыстық пед.оқу- І орын;

- 2015ж.Қалалық,облыстық  «Ұлы Жеңіске-70 жыл»ашық сабақ байқауы- І дәрежелі диплом;

- 2015ж.Қалалық тамыз кеңесінде «Жылдың  үздік мұғалімдері» марапатына иеленіп, «Жыл үздіктері» жинағына енді.

- 2017ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы"АҚ филиалы  курс тыңдаушыларына    "Эйдетикалық ес -ойша бейнелер" оқушының есте сақтау қабілетін дамытудың  жаңаша әдістерімен  озық   өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, облыс «Үздік сабақ-2017»

- 2017ж.Атырау облыстық  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы"АҚ филиалы  «Құрмет  грамотасы»

 - 2018ж. "Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық идеялар панорамасы" қазіргі заманғы оқыту технологиялары мен әдістемесін қолдану тәжірибесімен бөлісу бейне сабақтар;

- 2018ж. Алматы қаласы. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «АҚ

Республикалық «Құрмет грамотасы»

- 2019ж. Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы

«Үздік баяндама» диплом; І дәрежелі диплом

- 2021ж.Облыстық Білім беру басқармасының  «Құрмет грамотасы»

Биылғы жылы «Білім берудегі менеджмент:мектеп қызметін басқару» үш айлық біліктілікті арттыру курсын үздік аяқтап, орта білім беру ұйымдарының басшыларының кадрлық резервіне ұсынымдамамен сертификатталған.

Алтын Амангелдыевнаны, 2021 жылдың  25 қарашасында  Атырау қалалық білім бөлімінің №466 бұйрығымен  «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп»КММ  директоры болып тағайындалды.