Атырау облысы, Атырау қ.,Балықшы ы/а, Қ.Ахмедияров көшесі 6
+7 712 224 30 22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп" КММ
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі

13 сәуір 2025 жылы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен өңірімізге келіп, Ә.Жангелдин атындағы орта мектепке арнайы атбасын бұрды.

Сапар барысында министр мектептің материалдық-техникалық базасымен, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуымен танысты. Сонымен қатар, білім беру саласындағы маңызды бастамалардың бірі – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы мен ”Таза Қазақстан”жобасы жөнінде сөз қозғады.

Сапар аясында министр мектеп психологтарымен сұхбаттасып, білім алушыларға көрсетілетін психологиялық қолдау жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, информатика және арт-терапия сабақтарына қатысып, оқу үдерісінің мазмұнына назар аударды.

Кездесу аясында мұғалімдерге біліктілік санатын беру жүйесіндегі соңғы өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, педагогтердің кәсіби дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Министр ұстаздармен ашық сұхбат жүргізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылатынын атап өтті.