Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің
«Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Т Ө Л Қ Ұ Ж А Т Ы
|
Мекен-жайы: |
Қ.Ахмедияров көшесі,№6 құрылы |
|
Е-mail: |
|
|
Лицензия № |
15.02.2021ж. №KZ79LAA00023611 |
|
Жер аумағының жалпы ауданы: |
1,3982 га |
|
Ғимараттың жалпы ауданы |
2762,4 м2
|
|
Салынған жылы: |
1960 жыл |
|
Жобалық қуаты: |
620 орын |
|
Ғимарат түрі: |
Типтік |
|
Қабат саны: |
3 |
|
Сынып саны: |
24 |
|
Акт залы: Мәжіліс залы |
1 |
|
Асхана: |
44 орын |
|
Оқушы саны: |
742 оқушы |
|
Оқыту тілі: |
қазақша |
|
Қызмет түрі: |
Жалпы орта білім |
|
Директор: |
Султанова Алтын Амангелдыевна |
Мектептің миссиясы:
Ұлттық құндылықтарды сезіне алатын,өзін-өзі дамытуға дайын, жауапкершілігі бар тұлға қалыптастыру
Директоры: Султанова Алтын Амангелдыевна , 15.07.1975 ж.т., ЖСН 750715402799, отбасылы, мекен-жайы: Атырау қаласы Жұмыскер мөлтек ауданы Абулхаиров көшесі 14 үй. Директор лауазымына Атырау қалалық білім бөлімінің 25.11.2021ж. №466 бұйрығымен тағайындалды. «Басшы-ұйымдастырушы»
Мектепке бекітілген полиция қызметкерлері:
- Атырау қаласы ПБ №1 ҚПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Каныкомова Айгерим Крымовна, ұ/т: 8-702-571-57-91.
- Атырау қаласы ПБ №1 ҚПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Әмір Бекарыс, ұ/т: 8-775-747-30-05.
Мекен-жайы: Атырау қ. Балықшы мөлтек ауданы Қ.Ахмедияров 6
Қолданысқа берілген уақыты: 1960 жылы
Сыныптар саны: 35, 1 сынып –3, 2 сынып – 4, 3 сынып – 4, 4 сынып – 3, 5 сынып – 4, 6 сынып – 2, 7 сынып – 4, 8 сынып – 2, 9 сынып – 4, 10 сынып – 2, 11 сынып – 1, Арнаулы сынып-2
Оқушылар саны: 737, 2 ауысыммен білім береді. Қазақ мектебі (1 аусымда 1,4,5,9,10,11 сыныптар 366 оқушы, 2 аусымда-2,3,6,7,8 сыныптар 371 оқушы. ).
Персонал саны: 97 (педагог-78, техникалық қызметкерлер-24)
Күзеті: Мамандандырылған күзет
Күзетшілердің арнайы құралдары: Мамандандырылған күзет қызметімен жұмыс жасайды.1-резіңке таяқшасы, 1-қол металліздегіші бар.
«Дабыл» түймесі: Стационарлық-1, 1-пульттік, күзетші үстелінің жанында орналасқан, аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне қосылған, дабыл «Жолбарыс»ЖШС кеңсесіне қосылған.
Турникет: 2 дана, мектептің басты кіреберісінде орналасқан.
Хабарлау жүйесі: дауыстық
Рамалық металліздегіш: қамтылған
Бейнекамера: 42 (сыртқы-16, ішкі-26), күрделі жөндеуден кейін 2025 жылы қондырылған. Аналогтық-42. Толықтай жасап тұр;
Сынып ішінде 27 бейнекамера «Назар» бағдарламасымен қосылған
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Тарихы
Тарихы терең, тағылымы мол білім ордасының Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің тарихы тарихы 1933 жылдан бастау алады. 1933 жылы білім ордасы алғаш рет бір қабатты «Ақ үй» мектебі болып ашылды. Бұл – ел еңсесін тіктеп, болашаққа білім арқылы жол салған кезең еді.
1941 жылы мектепке мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы,Кеңес үкіметі басшыларының бірі Әліби Жангелдин есімі берілді. Бұл атау білім ордасының рухани бағытын айқындап, оқушыларды елжандылыққа, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеудің нышанына айналды.
1960 жылы үш қабатты жаңа типті мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Бұл мектептің материалдық-техникалық базасының нығаюына, білім сапасының артуына зор мүмкіндік жасады.
Әр кезеңде мектепті білікті басшылар басқарды:
- 1960–1962 жж. – М.Телеубаев
- 1962–1968 жж. – Ә.Нысанбаев
- 1968–1969 жж. – К.Сабиров
- 1969–1979 жж. – Д.Бегалиева
- 1979–1990 жж. – Т.Хабиев
- 1990–1996 жж. – Т.Калимов
- 1996–2010 жж. – Ж.Өтешкалиева
- 2010-2021 жж.- М.Хабиева
- 2021 жылдан - А.Султанова
Олардың әрқайсысы мектептің өсіп-өркендеуіне, білім беру сапасының артуына өзіндік үлес қосты.
2008 жылы мектеп білім беру қызметін жүргізуге ресми лицензия алып (№ АА №0000903)құқықтық мәртебесін нығайтты.
ЛИЦЕНЗИЯ «Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп»ММ 27 желтоқсан 2001 ж Сериясы АА №0000903
Қазіргі таңда «Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЛИЦЕНЗИЯСЫ
Берілген 15.02.2021ж. №KZ79LAA00023611
Бүгінде Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп – өткенін қадірлеген, дәстүрін сақтаған, сонымен қатар жаңашылдыққа ұмтылған заманауи білім ордасы. Сан жылдар бойы қаншама түлекке қанат бітірген мектеп ұжымы білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, болашаққа нық қадам жасап келеді.Бұл мектеп – тарихы бар, тағдыры бар, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған киелі білім шаңырағы.
