Атырау облысы, Атырау қ.,Балықшы ы/а, Қ.Ахмедияров көшесі 6
+7 712 224 30 22
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Жүгіру жолы
"Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп" КММ
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі

Біз туралы

Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің

«Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Тарихы

Тарихы терең, тағылымы мол білім ордасының Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің тарихы тарихы 1933 жылдан бастау алады. 1933 жылы білім ордасы алғаш рет бір қабатты «Ақ үй» мектебі болып ашылды. Бұл – ел еңсесін тіктеп, болашаққа білім арқылы жол салған кезең еді.

1941 жылы мектепке мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы,Кеңес үкіметі басшыларының бірі Әліби Жангелдин есімі берілді. Бұл атау білім ордасының рухани бағытын айқындап, оқушыларды елжандылыққа, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеудің нышанына айналды.

1960 жылы үш қабатты жаңа типті мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Бұл мектептің материалдық-техникалық базасының нығаюына, білім сапасының артуына зор мүмкіндік жасады.

Әр кезеңде мектепті білікті басшылар басқарды:

  • 1960–1962 жж. – М.Телеубаев
  • 1962–1968 жж. – Ә.Нысанбаев
  • 1968–1969 жж. – К.Сабиров
  • 1969–1979 жж. – Д.Бегалиева
  • 1979–1990 жж. – Т.Хабиев
  • 1990–1996 жж. – Т.Калимов
  • 1996–2010 жж. – Ж.Өтешкалиева
  • 2010-2021 жж.- М.Хабиева
  • 2021 жылдан - А.Султанова

Олардың әрқайсысы мектептің өсіп-өркендеуіне, білім беру сапасының артуына өзіндік үлес қосты.

2008 жылы мектеп білім беру қызметін жүргізуге ресми лицензия алып (№ АА №0000903)құқықтық мәртебесін нығайтты.

ЛИЦЕНЗИЯ «Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп»ММ 27 желтоқсан 2001 ж Сериясы АА №0000903

Қазіргі таңда «Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЛИЦЕНЗИЯСЫ

Берілген 15.02.2021ж. №KZ79LAA00023611

Бүгінде Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп – өткенін қадірлеген, дәстүрін сақтаған, сонымен қатар жаңашылдыққа ұмтылған заманауи білім ордасы. Сан жылдар бойы қаншама түлекке қанат бітірген мектеп ұжымы білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, болашаққа нық қадам жасап келеді.Бұл мектеп – тарихы бар, тағдыры бар, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған киелі білім шаңырағы.

Толығырақ

Пайдалы ресурстар

Біз картада