2025 жылдың 2-ші қазан күні мектебімізде «Қамқоршылық кеңесінің» отырысы өткізілді. Кеңеске мектеп басшысы А. Амангелдыевна, тәрбиеісінің орынбасары М. Төлебаевна, кеңес мүшесі Қ. Қуатқызы, әлеуметтік педагог З. Жангабыловна, мектеп медбикесі С. Төлегенқызы қатысты. Кеңестің күн тәртібінде қаралған өзекті мәселе «Қамқоршылық кеңесі» мүшелерімен мектеп әкімшілігі біріге отырып мектеп асханасының жалпы жай— күйі, оқушылар тамақтанатын, ас дайындайтын және ас сақтайтын қойманың ондағы азық- түліктің орналасуы, тоңазытқыштардың, жалпы асхананың тазалығы толықтай тексерілді. Сонымен қатар дайын тағамның ас мәзірінде белгіленген нормаға сәйкестігі, калориясы жалпы тамақтың сапасы қаралды. Осы арқылы кеңес мүшелері асхана жұмысына өз ұсыныс пікірлерін айтып, жақсы деген баға берді.